Басты бет Тест Тест: қай ағаш сізге ұқсайды?

Тест: қай ағаш сізге ұқсайды?

Адамдардың ағаштарға ұқсайтын тұсы көп. Олар да көпшіл болады немесе жалғыздықты сүйеді, мықты немесе тез сынып қалады. Ерке немесе бәріне төзімді келеді. Қай ағашқа ұқсайтыныңызды білгіңіз келе ме? Бірнеше сұрағымызға жауап беріп, нәтижесін біліңіз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
0%

Дәл қазір мына әндердің қайсын тыңдар едіңіз?

Тез ашуланасыз ба?

Қай киім стилі талғамыңызға жақын?

Көпшіліктің назарында жүргенді ұнатасыз ба?

Бойыңызда қандай ерекше қасиет болғанын қалайсыз?

Мына елдердің қайсында өмір сүргіңіз келер еді?

Мүмкін болса, қанша жасқа дейін өмір сүргіңіз келеді?

Тест: қай ағаш сізге ұқсайды?
Бакаут!

ағаш

Бакаут – ең қатты және ауыр ағаштың бірі. Дегенмен ол суға оңай батып кетеді. Сіз де осы ағашқа ұқсайсыз. Сырттан қарағанда қатаң, жігерлі болып көрінесіз, бірақ іштей жұмсақ, нәзік болуыңыз мүмкін.
Қарағай!

Қарағай – баяу өсетін, аязға төзімді ағаш. Жарықты, күннің көзін сүйеді. Қарағайға ұқсасаңыз, мінезіңіз ашық-жарқын көпшіл адам шығарсыз?! Оқиғаны, ақпаратты баяу қабылдайсыз. Дегенмен күйзеліске төзімдісіз.
Бахрейн

Жалғыздықты ұнатасыз. Өзіңізбен өзіңіз қалып, арман-мақсатыңызды жүйелегенді жақсы көресіз, бір сөзбен айтқанда, тура бахрейн сияқтысыз. Өйткені бұл ағаш Бахрейн шөлінің ең биік нүктесінде, өзге өсімдіктерден жүздеген шақырым қашықта өседі.
Терек!

Терек – дүниежүзінде кеңінен тараған ағаштың бірі. Ол жылдам өседі, бірақ өте нәзік, бұтақтары тез сынып қалады. Сіз де терек сияқтысыз, жаңа ортаға тез бейімделесіз, барлығының көңіл-күйін көтеріп жүресіз. Кез келген істі оңай бастап кететін қасиетіңіз бар, бірақ теректің бұтақтары сияқты сағыңыз сынып қалмасын. Абай болыңыз!

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Exit mobile version