Басты бет Қоғам Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болды

Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болды

Әбутәліп Мүтәлі Amanat партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

Әбутәліп Мүтәлі. Фото: Nurotan.kz

Партияның баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобайл қолданба құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі — президенттің жастар кадры резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University-де (АҚШ) білім алған.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобайл қолданбаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

Exit mobile version