Басты бет Қоғам Алматы әкімі тағы бір митинг өткізуге рұқсат берді

Алматы әкімі тағы бір митинг өткізуге рұқсат берді

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада тағы бір митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл - мүгедектігі бар азаматтардың құқығына арналған митинг.

Махатма Ганди саябағы. Фото: Inform.kz

Жиын ертең, 10 наурызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Махатма Ганди саябағында (Шевченко көшесі-Жароков көшесінің қиылысы) өтеді.

Азаматтар инфляцияны ескере отырып, жәрдемақы мөлшерін көбейтуді, мүгедектердің құқықтарын бұзуды тоқтатуды, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бастауды талап етеді.

Сонымен бірге митингіде әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы Aleumet.egov.kz және басқа да тақырыптар көтеріледі.

Еске салайық, кеше, 8 наурызда Алматыда гендер теңдігі мен әйелдердің саясатқа араласуына арналған митинг өтті.

Exit mobile version