Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 5G желісі қашан қолжетімді болады?

Қазақстанда 5G желісі қашан қолжетімді болады?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатынын айтты.

Иллюстрация: Tadviser.ru

Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, 2023-2024 жылдары — облыс орталықтарында іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Ауылға 5G тартылмайды, — деді Асхат Оразбек мәжіліс отырысында.

Айта кетейік, мәжіліс отырысында депутаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс, интернет сапасының нашарлығы үшін операторларға салынатын айыппұлды ұлғайту бойынша түзетулерді мақұлдаған болатын.

Exit mobile version