Басты бет Жаңалықтар Александр Герлиц Бейжіңдегі паралимпиадада алғашқы жүлдені алды

Александр Герлиц Бейжіңдегі паралимпиадада алғашқы жүлдені алды

Александр Герлиц. Фото: Olympic.kz

Спортшы үшінші орынды парабиатлоннан 10 шақырымдық (LW6) жарыс бойынша алды.

Мәреге бірінші болып канадалық Марк Аренц жетті. Екінші орын украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлиц жүлдесімен құттықтады.

Бейжіңде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды.  Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі.  Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!, — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Exit mobile version