Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның 23 жүк көлігі Украина территориясынан шықты

Қазақстанның 23 жүк көлігі Украина территориясынан шықты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандық 23 жүк көлігі Украина аумағынан шығып кеткенін хабарлады.

Фото: Шекара қызметі

4 наурыздағы жағдай бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдары көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында, — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Украина аумағында 50-ге жуық қазақстандық жүк көлігі болғаны хабарланған болатын. Оларды қайтару үшін тасымалдаушылар тізімі жасалып, сыртқы істер министрлігіне жіберілді.

Exit mobile version