Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыдағы президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

Фото: Берік Уәлидің Instagram-парақшасынан

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматыдағы президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ғимарат 1995 жылы пайдалануға берілген болатын.

Exit mobile version