Басты бет Жаңалықтар Астанада заңсыз майнинг фермасы анықталды

Астанада заңсыз майнинг фермасы анықталды

Нұр-Сұлтанда заңсыз майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Еlements.envato.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық департаменті ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінен  заңсыз майнинг дерегін анықтады.

Майнингке арналған 56 құрал-жабдық, ақшалай санағанда 237 000 доллар болатын криптовалюта табылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Exit mobile version