Басты бет Жаңалықтар Ресейдің қаржы институттары үшін Mastercard желісі бұғатталды

Ресейдің қаржы институттары үшін Mastercard желісі бұғатталды

Mastercard Ресейдің бірқатар қаржы институтының төлем жүйесіне кіруіне тыйым салды.

Фото: Kursiv.kz

Mastercard бас директоры Майкл Мибахтың мәлімдемесінде айтылғандай, жабылу себебі — Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге салынған санкциялар.

Санкциялық бұйрықтардың нәтижесінде біз Mastercard төлем желісінен бірнеше қаржы институтын бұғаттадық,- делінген компания хабарламасында.

Майкл Мибах Mastercard алдағы күндерде реттеушілермен жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты.

Айта кетейік, Mastercard Inc. халықаралық төлем жүйесі, әлемнің 210 еліндегі 22 мың қаржы институтын біріктіретін трансұлттық қаржы корпорациясы.

Exit mobile version