Басты бет Қоғам Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды заңсыз тергеді деген күдікпен 9 қызметкер ұсталды

Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды заңсыз тергеді деген күдікпен 9 қызметкер ұсталды

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында қаңтар оқиғасына қатысты істер қалай тергеліп жатқаны айтылды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың сөзінше, бас прокуратура жаппай тәртіпсіздіктер кезінде және одан кейін ұсталған азаматтардың құқығы сақталуын ерекше бақылап отыр.

Бүгінгі таңда азаптау және қызметтік өкілетін асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалған, олардың ішіндегі ең резонанстыларын арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталғандарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 қызметкер анықталып, ұсталды, — деді ол.

Exit mobile version