Басты бет Қоғам Кентау әкімі 98 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді

Кентау әкімі 98 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді

Кентау әкімі Дәурен Мақажанов аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Дәурен Мақажанов. Фото ашық дереккөзден

Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі «М.Д.» — ға қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған, — делінген агенттіктің Telegram-дағы хабарламасында.

Қазір күдікті сот санкциясымен қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Exit mobile version