Басты бет Қоғам Олжас Бектенов — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы

Олжас Бектенов — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы

Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы президент жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Олжас Бектенов. Фото: Kyzmet.gov.kz

Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

Еске салайық, президент мұның алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қызметінен босатты. Ол ішкі істер министрі болды. Ал бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент кеңесшісі болып тағайындалды.

Exit mobile version