Басты бет Жаңалықтар Коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 13 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қайтыс болғандар арасында 12 адамда коронавирус, 1 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

25 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 4 778 адам (23 689 КВИ+ және 1 089 КВИ-), емделіп жатыр, оның ішінде 3054 науқас стационарда,  21 724 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

181 науқастың жағдайы ауыр,
89 науқастың жағдайы өте ауыр,
76 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Exit mobile version