Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бір жыл ішінде Қазақстаннан 32 мыңнан астам адам кетті

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстаннан кететіндер саны 2017 жылдан бер жыл сайын өсіп жатыр. Пандемияның бірінші жылында ғана жағдай басқаша болды. Өйткені 2020 жылы локдаунға байланысты ұшып кету мүмкін болмады, — делінген хабарламада.

Ал өңірлер арасында келушілер үшін Маңғыстау облысы алда тұр. Маңғыстауға 2,7 мың адам келген. Былтырғымен салыстырғанда 0,7%-ке артық.

Ал Алматы мен Шымкент көшіп келгендер саны бойынша көш бастап тұр.

Қазақстандықтардың көпшілігі Қарағанды облысынан кетті — 4,6 мың адам. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,1%-ке көп. Антилидерлердің үштігіне Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары да енді.