Басты бет Жаңалықтар Әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға ЭКСПО билеті тегін берілуі мүмкін

Әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға ЭКСПО билеті тегін берілуі мүмкін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов қоғамның әлеуметтік аз қамтылған тобына ЭКСПО-ның тегін билетін тарату мәселесін пысықтау керек екенін айтты.

Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында мәдени бағдарламаны сапалы дайындау және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

«Ең маңыздысы, біз міндетті түрде тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобына тегін билет тарату мәселесін пысықтауымыз қажет. Олар осынау ауқымды шараға дайындалған көлемді әрі қызықты репертуарды тікелей өздері тамашалап, көру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Міне, осы сұрақты ерекше бақылауға алуымыз шарт. Әсіресе, бұл қаланың және мәдениет министрлігінің аясында өтетін шараларда ескерілуі керек», — деді Иманғали Тасмағамбетов.

Бүгінгі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласы әкімдігімен және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамымен бірлесіп мәдени-танымдық және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасын бекітті. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі өнерін көрсету, театрлық-бұқаралық шаралар, халықаралық жобалар, көрмелер, спорттық және ағартушылық-тақырыптық шаралар болады деп жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version