Басты бет Жаңалықтар Украина әуе кеңістігін жабуына байланысты Қазақстанда жедел желі іске қосылды

Украина әуе кеңістігін жабуына байланысты Қазақстанда жедел желі іске қосылды

Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты жедел желі іске қосылды.

Фото: Кk.delachieve.com

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

​Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты. Телефон нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215,- делінген хабарламада.

Колл-орталық 2022 жылғы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Exit mobile version