Басты бет Қоғам Қазақстан Бейжің олимпиадасына қатысуға қанша ақша жұмсады?

Қазақстан Бейжің олимпиадасына қатысуға қанша ақша жұмсады?

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков ұлттық құраманың Бейжіңдегі олимпиада ойындарына кеткен шығынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада құрамасының капитаны Абзал Әжіғалиевке мемлекеттік туды тапсырып тұрған сәті. Фото: Akorda.kz

Олимпиада ойындарына тікелей қатысуға 248 миллион теңге кеткен. Оның 107 миллион теңгесі Air Astana компаниясына чартерлік рейсті ұйымдастырғаны үшін берілген. Командалардың олимпиада ойындарына дайындығына 789 миллион теңге кетті. Дайындық жұмыстарына 234 спортшы және жаттықтырушы қатысты. Орташа шығын — бір қатысушы үшін 15 миллион теңге, — деді Андрей Крюков.

Еске салайық, Қазақстан Бейжіңдегі олимпиадада бірде-бір медаль алмады. Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев 4-орын алды.

Exit mobile version