Басты бет Қоғам ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкасы туралы айтты

ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкасы туралы айтты

Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы сол қалыпты жұмыс істеп жатыр, – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кеткені жөнінде ақпарат пайда болды. Telegram-дағы каналдар Ерлан Тұрғымбаевтың орнына ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деп болжаған.

Exit mobile version