Басты бет Қоғам Украинадағы жағдай: Тоқаев жедел шаралар жоспарын қабылдауды тапсырды

Украинадағы жағдай: Тоқаев жедел шаралар жоспарын қабылдауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді. Онда Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің нәтижесінде ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтты.

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

президент премьер-министр Әлихан Смайыловтың, ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Exit mobile version