Басты бет Жаңалықтар Ақтөбеде «СТО» жарылды: бір адам қаза тапты

Ақтөбеде «СТО» жарылды: бір адам қаза тапты

Ақтөбеде техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жарылыс болып, күзетші көз жұмды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ведомство мәліметінше, оқиға туралы кезекші қызметке 22 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4:11-де хабарланған.

Кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова №15 мекенжайындағы «Альтаир» жанармай құю станциясында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Ақтөбенің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді, — делінген хабарламада.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды, нәтижесінде 600 шаршы метр алаңда ғимараттың құлауы мен техникалық қызмет көрсету станциясының ішінде және жанында тұрған 11 автокөлік зақымданған. Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автокөлік газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде болған.

Оқиға орнында Ақтөбе ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары, сонымен қатар ЖАО 2 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.

Жарылыстан мекемеде күзетші болып жұмыс істейтін азамат зардап шегіп, оқиға орнында қаза тапты. Жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің өлі денесі табылды.

Exit mobile version