Басты бет Қоғам АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қаза тапты

АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ жарақатынан қаза тапты

16 ақпанда Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Жергілікті полиция берген ақпарат бойынша отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан қайтыс болған, — деді Айбек Смадияров.

Қазір полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр, қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды. ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста.

Сот-медициналық сараптама әйел Сент-Пол тұрғыны, 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтаған.

Юлия Лидің өлімі туралы ақпарат қарулы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық мемориал сайтында да жарияланған.

Exit mobile version