Басты бет Жаңалықтар Қаңтар оқиғасы бойынша 469 адам қамауда отыр

Қаңтар оқиғасы бойынша 469 адам қамауда отыр

Қаңтар оқиғасы бойынша соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Фото: Оsce.org

Өткен жолғы брифингіде мемлекеттік нысандарға шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттері терроризм актілері және жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу ретінде сараланатын жағдайлар туралы айтылды. Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеп жатыр, оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша — 45. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр, — деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қатысты қамауда ұстау — ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.

Exit mobile version