Басты бет Жаңалықтар Коронавирус матрицасы: тағы екі өңір «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус матрицасы: тағы екі өңір «жасыл» аймаққа өтті

2022 жылғы 21 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы жарияланды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Павлодар облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.

«Сары» аймақта: Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Exit mobile version