Басты бет Жаңалықтар Жаңаөзенде қару-жарақ жасырылған қойма табылды

Жаңаөзенде қару-жарақ жасырылған қойма табылды

Жаңаөзенде қызметтік ит гараждардың бірінен қару-жарақ қоймасын тапты. Бұл туралы ұлттық ұлан "Батыс" РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов хабарлады.

Фото: Jasqazaq.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, қару-жарақ «Мамыр» шағын ауданында тұратын 34 жастағы ер адамның гаражында жасырылған. Ұлттық ұлан әскерилері оны қызметтік иттің көмегімен тапты.

Гаражды тінту барысында заңсыз сақталған 1 шолақ аңшы мылтығы мен 1 спорттық мылтық тәркіленді.

Exit mobile version