Басты бет Қоғам Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры ұсталды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры ұсталды

Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады.

Шухрат Данбай. Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Басылым ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінгенін жазды. Тергеуді Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Басқарманың өзінде журналистерге «әзірше ештеңе айта алмаймыз» деп жауап берген.

Шухрат Данбай 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған.

Қазір ол Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алу үшін куәландырудан өтіп жатыр.

Exit mobile version