Басты бет Қоғам Жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша бейбіт тұрғын жарақат алды?

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша бейбіт тұрғын жарақат алды?

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде неше бейбіт тұрғын жарақат алғанын айтты.

Алматы, 5 қаңтар. Фото: Алмас Қайсар

Ведомство өкілі денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша барлығы 1 726 адам жарақат алғанын хабарлады.

Оның ішінде 673-і оқ-дәрі жарақаттарымен, 469-ы пышақ жарақаттарымен, 434-і дене жарақаттарымен медицина көмегіне жүгінген. Медицина көмегіне жүгінгендер азаматтардың басым бөлігі — 686-ы Алматыда, 336-ы Алматы облысында, 164-і Қызылорда облысында, 153-і Жамбыл облысында. Шымкент және Шығыс Қазақстан облысында — 126 адам, — деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Exit mobile version