Басты бет Қоғам Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Айтқұрман Омарбеков мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туралы жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.

Еске салайық, президент 6 қаңтарда Ардақ Әшімбекұлын қызметінен босатып,  Айтқұрман Омарбековті мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы міндеттерін уақытша атқарушы етіп тағайындаған еді.

Exit mobile version