Басты бет Қоғам Ұлттық банк төрағасы елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйін айтты

Ұлттық банк төрағасы елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Akorda.kz

Ғалымжан Пірматов мемлекет басшысына инфляцияны болдырмау жөніндегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысы, сонымен бірге сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі тәуекел-қатерлерді ескере отырып, бағаның өсуін тұрақтандыруға бағытталған ұлттық банктің жоспары жөнінде баяндады.

Ұлттық банк басшысы президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйі, сонымен бірге былтырғы төлем теңгерімін алдын ала бағалау туралы есеп берді.

Ғалымжан Пірматов ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі пайымы мен жоспарын ұсынды.

Президент ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін бірқатар нақты тапсырма берді.

Exit mobile version