Басты бет Жаңалықтар Коронавирус матрицасы: екі өңір «сары» аймаққа өтті

Коронавирус матрицасы: екі өңір «сары» аймаққа өтті

2022 жылғы 16 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы жарияланды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Exit mobile version