Басты бет Медицина Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Ол басқа жұмысқа ауысқан.

Әсем Нүсіпова. Фото: Primeminister.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматыда туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

Ол денсаулық сақтау вице-министрі болып 2020 жылғы қазанда тағайындалған.

Exit mobile version