Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкин жеңіліп көрмеген боксшымен спарринг өткізеді

Геннадий Головкин жеңіліп көрмеген боксшымен спарринг өткізеді

Геннадий Головкин кезекті кездесуінің алдында 168 фунт салмақта айқасып жүрген 20 жастағы америкалық Давид Бенавидеспен жұдырықтаспақ.

Бұл спаринг GGG-дің 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегінің алдында өткізілетін болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин барлығы 36 кездесу өткізіп, 33-ін нокаутпен жеңсе, 20 жастағы америкалық Давид Бенавидес 17 кездесудің 16-сын нокаутпен аяқтаған.

Сондай-ақ, желіде Геннадия Головкиннің әлемдегі ең қауіпті панчер екенін дәлелдейтін видео жарияланды. Оны промоутері Том Леффлер салған.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=50&v=DaW7OhQO2qQ

«GGG-дің бокс әлемінде ең қауіпті панчер екенін көрсететін нокауттарының тамаша видеолары бар. Бүгінде Головкин қарсыластарын 23 рет нокаутқа түсірді», — деп жазды Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version