Басты бет Спорт Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев олимпиаданың жартылай финалына өтті

Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев олимпиаданың жартылай финалына өтті

Бейжің олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жарысудан ширек финал аяқталды.

Фото: Olympic.kz

Бұл кезеңде Қазақстан атынан үш спортшы қатысты, екеуі келесі айналымға өтті.

Абзал Әжіғалиев
Абзал Әжіғалиев. Фото: Olympic.kz

Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев жартылай финалға жолдама алды. Денистің уақыт көрсеткіші жартылай финалға өткен спортшылар арасында екінші орында.

Денис Никиша. Фото: Olympic.kz

Ал Әділ Ғалиахметов 1/4 айналымда олимпиаданы аяқтады. Ол келесі кезеңге өте алмады.

Әділ Ғалиахметов. Фото: Olympic.kz

Exit mobile version