Басты бет Медицина Қазақстан мен Ресей бір-бірінің вакцинация паспортын мойындайды

Қазақстан мен Ресей бір-бірінің вакцинация паспортын мойындайды

Қазақстан мен Ресейдің денсаулық сақтау министрліктері вакцинация паспорттарын өзара мойындау алгоритмін келісті.

Иллюстрация: Еzdrav.kz

Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп вакцинация туралы құжаттарды тану шарттары мен тәртібін, ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктері мен жұмысын қарастырған.

Қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар және ауырып жазылғандар туралы мәліметтер алмасу үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатыр. Осы мәселе бойынша тараптар арасында түбегейлі келіспеушіліктер жоқ, — делінген хабарламада.

Қазақстан Ресей Федерациясымен вакцинация паспорттарын өзара тану қажет екені туралы мәселені бірнеше рет жоғары деңгейде көтерілген, денсаулық сақтау министрлігі екіжақты тәртіпте, сонымен бірге ТМД, ЕАЭО алаңдарында талқыланған.

Exit mobile version