Басты бет Қоғам Бақтияр Артаев бокс федерациясының вице-президенті қызметінен кетті

Бақтияр Артаев бокс федерациясының вице-президенті қызметінен кетті

Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев бокс федерациясының вице-президенті және мемлекеттік жаттықтырушы қызметінен кетті.

Фото ашық дереккөзден

Мұны спортшының өзі ҚазАқпарат тілшісіне растаған.

Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын, бірақ себебі туралы әзірше ештеңе айта алмаймын, — деп жауап берген ол.

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Таразда туған. Ол 9 жасынан бастап бокспен айналысқан.

1998 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Олимпиада-2004 соңғы күндерінде жалғыз алтын медаль алып берген спортшы болды. Олимпиаданың үздік боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогінің иегері атанды.

Exit mobile version