Басты бет Мәдениет Абай опера және балет театрының директоры ауысты

Абай опера және балет театрының директоры ауысты

Нұрбақыт Бөкебаев Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры болып тағайындалды. Мұны мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-те жазды.

Нұрбақыт Бөкебаев. Фото Дәурен Абаевтың Facebook-тегі парақшасынан

Дәурен Абаев театрды бұған дейін басқарған Таир Қаратаевқа алғыс айтты.

Бүгін Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына барып, жұмыс барысымен таныстым. Осы орайда Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлының аталған мәдениет ошағының директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлаймын. Осы уақытқа дейін театрды басқарып келген Қаратаев Таир Нұрланұлына театрды дамыту ісіне қосқан елеулі үлесі үшін алғысымды білдіремін, — деп жазды ведомство басшысы.

Фотода Абай театрының экс-директоры Таир Қаратаев, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және театрдың жаңадан тағайындалған басшысы Нұрбақыт Бөкебаев

Еске салайық, Таир Қаратаев театр директоры қызметіне Ая Қалиеваның орнына 2021 жылғы ақпанда келген еді.

Exit mobile version