Басты бет Жаңалықтар Қазақстан президенті Татарстан астанасына барды

Қазақстан президенті Татарстан астанасына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанға барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Фото: Facebook / Берік Уәли
Татарстан астанасының халықаралық әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанның көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан президентімен кездесу өткізеді.
Қазан
Фото: Facebook / Берік Уәли
Сонымен қатар, республиканың өзге қалаларында орналасқан «Камаз» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.
Фото: Facebook / Берік Уәли

Exit mobile version