Басты бет Қоғам Тоқаев 2030 жылы ЭКСПО көрмесін Мәскеуде өткізуді қолдады

Тоқаев 2030 жылы ЭКСПО көрмесін Мәскеуде өткізуді қолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесін 2030 жылы Мәскеуде өткізу бастамасын қолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Владимир Путин. Мәскеу, 10 ақпан, 2022 жыл. Фото: Akorda.kz

Ол бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинмен БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдемесінде айтты.

Қазақстан халықаралық ЭКСПО көрмесін 2030 жылы Мәскеуде өткізу бастамасын қолдайды, — деді президент.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге екі күндік мемлекеттік сапармен барды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне қаңтар оқиғасында қаза болғандардың көп екені «жанына бататынын» айтты. Ал Владимир Путин Қазақстанды ел ішіндегі күрделі жағдайды пайдаланған қандай-да бір халықаралық бүлікшілердің құрбаны болды деп есептейді.

Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет президенті 11 құжатқа қол қойды.

Exit mobile version