Басты бет Білім Еліміздегі колледждерге академиялық еркіндік берілді

Еліміздегі колледждерге академиялық еркіндік берілді

Қазақстандағы колледждер академиялық еркіндік алды. Енді оқу орындары білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды дайындай алады.

ҚазИТУ колледжі. Фото: Айгүл Хожантаева

Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындаған кезде колледждер типтік жоспарларға қарай жұмыс істейтін еді және олардың мазмұнын тек 50%-ке дейін өзгерте алатын. Енді олар жаңа тенденциялар мен нарық талаптары бойынша жұмыс жүргізе алады, — делінген білім және ғылым министрлігі таратқан хабарламада.

Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының сапасына әсер етпейді, өйткені бұл үшін бірыңғай ақпараттық орта – білім беру бағдарламаларының тізімі жинақталып жатыр.

Колледж таңдаған әрбір жаңа бағдарлама білім және ғылым министрлігінде және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2 кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді.

Қазақстанда ұйымдарының басшыларын ротациялау басталды. Директор 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ауысады. Бірінші болып Ақтөбе облысындағы 4 колледждің директоры қайта тағайындалды.

Exit mobile version