Басты бет Қоғам Алматыда 10 сантиметр қар түсті

Алматыда 10 сантиметр қар түсті

Алматыда қалыңдығы 10 сантиметр қар жауды. Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қар 9 ақпан күні сағат 12.00-де жауа бастаған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

18.00-де қаладағы қардың қалыңдығы 10 сантиметрге, тау бөктері мен таулы аудандарда 15 сантиметрге дейін жеткен. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа салысымен жолдарға 450 тонна құм себілді.

Қарды сыпыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 159 текше метр қар шығарылған.

621 бірлік арнайы техника, 201 құмшашқыш және 1 532 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша 10 ақпанның таңына дейін қар жауады. Түнде 4-6 градус суық болады. Тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Exit mobile version