Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда үкімет жанынан кәсіпкерлер кеңесі құрылды

Қазақстанда үкімет жанынан кәсіпкерлер кеңесі құрылды

Премьер-министр өкімімен Қазақстанда Үкімет жанынан отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Бұл құжат "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Serj Marco

Кеңестің міндеті — әлеуметтік-экономикалық даму, кәсіпкерлік жөніндегі заңнаманы жетілдіру, нарықтық экономиканың дамуына жағдай жасау және ел экономикасына отандық инвестицияларды тарту, іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар, оның міндеттеріне кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау кіреді.

Құжатта Ұлттық экономика министрлігі кеңестің жұмыс органы екені, кеңес отырыстары «қажет болса, бірақ жылына кемінде екі рет» өткізілетіні көрсетілген. Кеңес құрамына премьер-министр, оның орынбасарлары, бірқатар министрлік басшылары, бизнес өкілдері кірді.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жанынан кәсіпкерлер кеңесін құруды 21 қаңтарда тапсырған болатын.

Exit mobile version