Басты бет Қоғам Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы маңынан аңшы қаруы табылды

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы маңынан аңшы қаруы табылды

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы маңынан аңшы қаруы табылды. Полиция өкілі қарудың жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылуы мүмкін дейді.

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көктөбе телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты.

Төңіректі кинолог-инспектор қызметтік итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатыстылығы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Exit mobile version