Басты бет Жаңалықтар Қыркүйекте докторанттардың стипендиясы тағы да өседі

Қыркүйекте докторанттардың стипендиясы тағы да өседі

Соңғы екі жылда докторанттардың шәкіртақысы 82 мың теңгеден 170 мың теңгеге дейін өскен. Биыл қыркүйек айында оның мөлшері тағы көтеріледі. 

Иллюстрация: Germanblog.ru

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook -парақшасында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы өсті. Мәселен, соңғы екі жылда докторанттардың шәкіртақысы 82 мыңнан 170 мың теңгеге дейін өсті. Биыл қыркүйек айында шәкіртақы көлемі тағы да артады, — деді министр.

Білім министрі жоғары оқу орнында оқу үшін бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының саны 5 000-ға артқанын еске салды. Оның айтуынша, биыл да грант саны осындай көлемде артады.

Грант бөлу кезінде «merit based»-ке ғана емес, «need based»-ке де назар аударамыз. Мәселен, алғаш рет квота бойынша білім гранттары жалпы санының 5%-і көпбалалы отбасынан шыққан балаларға, 1%-і толық емес отбасынан шыққан балаларға бөлінеді, — деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Exit mobile version