Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

Алматы облысында террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

Алматы облысында лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылады. Бұл туралы облыстың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Штаб жетекшісінің шешімімен 2022 жылғы 7 ақпаны күні сағат 00:00-де Талдықорған, Текелі мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандарында терроризм қаупінің жоғарғы «қызғылт сары» деңгейi тоқтатылады.

Арнайы және құқық қорғау органдары қызметтің күшейтілген режимінде жұмыс істеуді жалғастырады. Қала тұрғындарына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік көрсете білгені үшін ризашылығымызды білдіреміз, — делінген хабарламада.

Exit mobile version