Басты бет Жаңалықтар Ұлыбритания патшайымы Елизавета II болашақ тақ иесінің атын атады

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II болашақ тақ иесінің атын атады

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II таққа отырғанына 70 жыл толуы қарсаңында үндеу жасады.

Фото: Reuters

Хаттың мәтіні Букингем сарайының Twitter-парақшасында жарияланды.

Кейінгі жеті онжылдықта бәрімізге пайда әкелген ерекше әлеуметтік, технологиялық және мәдени прогреске куә болдым. Болашақ бізге, әсіресе, Ұлыбританиядағы бүкіл жастарға осындай мүмкіндіктер ұсынатынына сенімдімін, — деді Елизавета II.

Ұлыбритания патшайымы болашақ тақ иесінің атын атады.

Мен сіздерге мәңгі риза болып өтемін және маған деген адалдықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін қарыздармын. Таққа отыратын уақыт келгенде менің ұлым Чарльз бен оның жары Камиллаға сіздер маған көрсеткендей қолдау білдіреді деп сенемін, — деді патшайым.

Exit mobile version