Басты бет Жаңалықтар Олимпиада-2022: қазақстандық шаңғышылар іріктеу турнирінен өтті

Олимпиада-2022: қазақстандық шаңғышылар іріктеу турнирінен өтті

Қысқы олимпиада ойдындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды. Бұл туралы Olympic.kz сайтында хабарланды.

Фото: ҚР ҰОК, Тұрар Қазанғапов

Қазақстан құрамасының спортшылары Сергей Ткаченко мен Данил Васильев іріктеуден сәтті өтті. Іріктеу турнирінде Сергей Ткаченко 68 метрге секіріп, 43,1 ұпай жинады. Ал 70,5 метрді жылдам өткен Данил Васильев 46,2 ұпай жинады.

Бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтеді.

Қазақстандық спортшылар бірден бірнеше спорт түріне қатысады:

  • конькимен жүгіру;
  • шаңғы жарысы;
  • фристайл және шорт-трек.

Айта кетейік, бүгін алғашқы медальдар сарапқа салынды. Олимпиада ойындары 20 ақпанға дейін жалғасады.

Exit mobile version