ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент полиция департаментінің бастығы лауазымына Қайрат Дәлбеков тағайындалды, – деп хабарлады Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
Қайрат Дәлбеков 1963 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысының полиция департаментін басқарған.
Ал Қайрат Дәлбековтің орнына Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып Мұрат Қабденов тағайындалды.
Еске салайық, мұның алдында Нұрхат Оразбаев Атырау облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалғанын хабарлаған едік.