Басты бет Қоғам Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Қаржы мониторингі агенттігі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растады.

Ғалымжан Ниязов. Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғалымжан Ниязовқа сот екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылдаған.

Ғалымжан Ниязов лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды, — деді Маңғыстау облысы экономикалық тергеу департаменті өкілі.

Тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне бойынша жарияланбайды.

Exit mobile version