Басты бет Жаңалықтар Зейнетақы тағайындау жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады — Нұрсұлтан Назарбаев

Зейнетақы тағайындау жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады — Нұрсұлтан Назарбаев

2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 20%-ға дейін арттырылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

көрнекі сурет

Елбасы Жолдауында алдағы уақытта зейнетақы жаңа әдістеме бойынша тағайындалатынын айтты.

«Базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді», — деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Елбасы елімізде бала туу деңгейі 1999 жылғы көрсеткіштен 2 есе артқандығын атап өтті. Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді.

«Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі», — деп толықтырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version