Басты бет Жаңалықтар Утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды

Утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесі қайта іске қосылды

«Жасыл даму» АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты. Бұл туралы Үкіметтің сайтында хабарланды.

Фото: ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылып жатыр.

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап утилизациялық төлем қабылдау «Жасыл даму» АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі. «ӨКМ операторы» ЖШС функциялары «Жасыл даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілді,- делінген хабарламада.

Exit mobile version