Басты бет Жаңалықтар Елімізде қаңтар айында несие алғандар саны күрт көбейді

Елімізде қаңтар айында несие алғандар саны күрт көбейді

Қазақстанда қаңтар айында несие алғандар саны күрт көбейді. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Иллюстрация: Ekredit.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, банктер берген несие қаңтар айында – 3,7%, ал былтырғы қаңтардан бергі бір жылда 26,5%-ке көбейіп, 18 497,7 миллиард теңге болды.

Соның ішінде, заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 миллиард теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға – 10 738,8 миллиард теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредит көлемі бір айда 16 588,2 миллиард теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 миллиард теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,9%-ға төмендеді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды,- делінген хабарламада.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 030,5 миллиард теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 467,2 миллиард теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы желтоқсанда 3 772,2 миллиард теңгеге дейін 6,2%-ға ұлғайды.

2021 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болды (14,9%).

Exit mobile version